Сенбі, 1 Сәуір, 2023

Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жалған құжатпен ҰБТ-ға кірмек болған талапкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputnik.kz.

«Ең бастысы заң бұзушылық болған жоқ. Біз жүргізген реформаның арқасында жалған құжатпен кіремін деген талапкерлер ҰБТ тапсыра алмады. Дереу аты-жөнін тиісті органдарға бердік. Егер тестілеуге кірерде тексерістің бір ғана сатысы болса, құжатты көрсетіп, әрі қарай өтіп кететін еді. Құжатты көрсеткеннен кейін, Face ID-ға барады. Үшінші кезеңге барғанда барлығы анықталады», – деді министр.

Министр сондай-ақ биыл осындай заңсыз әрекетке барғандар саны артқанын айтты.

«Жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл тестке өзі емес, басқа адамды жіберген факті бірнеше есе көбейіп отыр. Бұл – дұрыс шешім. Заң бұзушылық болған жоқ, біз қабылдаған, енгізген шешімнің арқасында заң бұзушылыққа жол берілмей отыр», – деді ол.

Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға кіру барысында 4 түлектің (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері бар) орнына студенттер кіруге тырысқанын хабарлаған еді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button