Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Президент басшысының жарлығы бойынша Ермек Сағымбаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.
«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын», – делінген жарлықта.
Айта кетейік, бұған дейін Сағымбаев Мемлекеттік күзет қызметі басшысының міндетін атқарушы болған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Байбосынов Батырбек Бердібайұлын Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.