Вакцина алған қазақстандықтарға жеңілдік жасалады

28 тамыздан кейін демалыс күндері вакцина алған және 7 күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырған адамдар Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға бара алады.

Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетуді мақұлдады. Енді 28 тамыздан бастап Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда ескерту бар:
  • қызметкерлерінің Ashyq-та «жасыл» мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс істей алады;
  • мекемелерге тек вакцина алған және ПТР-анықтамасына жеті күн өтпеген тұрғындар ғана кіре алады.

Мекемелер түн ортасына дейін, ал Ashyq «көшбасшылары» түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.

Back to top button