Жаңалықтар

Вакцина алған қазақстандықтарға жеңілдік жасалады

ашық дереккөзі

Вакцина алған қазақстандықтарға жеңілдік жасалады

28 тамыздан кейін демалыс күндері вакцина алған және 7 күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырған адамдар Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға бара алады. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев растады. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетуді мақұлдады. Енді 28 тамыздан бастап Ashyq-пен жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда ескерту бар: қызметкерлерінің Ashyq-та "жасыл" мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс істей алады; мекемелерге тек вакцина алған және ПТР-анықтамасына жеті күн өтпеген тұрғындар ғана кіре алады. Мекемелер түн ортасына дейін, ал Ashyq "көшбасшылары" түнгі екіге дейін жұмыс істей алады.