Мемлекет басшысы ғалым Нәдір Нәдіровтің жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы ғалым Нәдір Нәдіровтің жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы ғалым Нәдір Нәдіровтің жақындарына көңіл айтты
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым, ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің жақындарына көңіл атып, жеделхат жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады", - деп жазылған жеделхат мәтінінде.