4 тоннадан астам марихуана мен қару тәркіленді – ҰҚК

4 тоннадан астам марихуана мен қару тәркіленді – ҰҚК

4 тоннадан астам марихуана мен қару тәркіленді – ҰҚК
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік) құрықталды, оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы да ұсталды.
– Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды. ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін тынымсыз жедел жұмыс жүргізілді. Фигуранттардың есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелерге қол жеткізілді, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөлуі анықталды, – делінген баспасөз хабарламасында.