Денесінің 95 пайызын күйік шалған: дәрігерлер жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Денесінің 95 пайызын күйік шалған: дәрігерлер жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Денесінің 95 пайызын күйік шалған: дәрігерлер жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты
ашық дереккөзі
Талдықорғандағы жарылыстан зардап шеккен 44 жастағы жұмысшының денесінің 90-95 пайызын күйіік шалған. Науқастың жағдайы өте ауыр. «Бүгін таңғы сағат 4:00 шамасында 3 адам аса ауыр күйік жарақатымен қабылдау бөліміне түсті. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, 93-95 пайыз күйік жарақатын алған. Қалған екі науқастың жағдайы орташа. Жансақтау бөлімінде барлық ем-шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайы бақылауда», – деді Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың дәрігері Ілияс Бүйрекбаев. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Талдықорғандағы қолданылған автокөлік дөңгелектерін өңдейтін цехта жарылыс болды.