Әнші Рухия Байдүкеноваға су жаңа көлік сыйлады

Әнші Рухия Байдүкеноваға су жаңа көлік сыйлады

Әнші Рухия Байдүкеноваға су жаңа көлік сыйлады
ашық дереккөзі

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық «Витебсктегі славян базары» көркемөнерпаздар фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенованы қабылдады. Әншіге су жаңа көлік тарту етілді. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында айтты.

– Славян базарынан» кейін бұлай қатты толқымаған шығармын. Өйткені, елдің бағалауы бір бөлек те, сүйікті жерлестердің, туған өлкеңнің азаматтарының құрметі бөлек екен! Сол үшін де бүгін өзімді ерекше бақытты сезіндім! Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовқа @amandyk.batalov бүгінгі жылы қабылдауы үшін шынайы алғыс білдіргім келеді. Өздеріңіз білесіздер, Амандық Ғаббасұлы маған байқауға дейін де қолдау білдіріп, жерлестерімнің атынан сәттілік тілеп, ақ тілеуімен шығарып салған болатын. Енді міне, жеңісіммен құттықтап, киелі Жетісу жерінен түлеп ұшқан өнерпаздарды мақтат тұтатынын айтты. Облыс басшылығының мәдениет пен өнерге қамқорлығы жылдан жылға арта беретінін жеткізді. Бұл шын мәнісінде қуантарлық жағдай. Мен де өз кезегімде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнаған жеңісімнің белгісі - «Славян базары» конкурсының Гран При статуэткасын тарту еттім. Статуэтканың облыс мұражайының қорына берілетінін естіп тіптен қуандым. Туып өскен жеріме деген шексіз махаббатым мен құрметімнің титтей де болса көрінісі болар деп үміттімін. Бұдан бөлек тағы бір сүйінші хабарым бар: өнерде жүрген қарлығашымыз деп облыстағы бизнес өкілдері су жаңа көліктің кілтін табыс етті. Шыны керек, мұндай құрмет күтпеген едім. «Ерім» дейтін елі болмаса, «Елім» дейтін ерлер қайдан болады?» демекші, кішкентай жеңісімді осыншалық бағалап, қызымыз деп төрге шығарған жерлестеріме шын жүректен алғыс айтамын!, – деп ағынан жарылды әнші.