2023 жылы елорда толықтай газдандырылады

2023 жылы елорда толықтай газдандырылады

2023 жылы елорда толықтай газдандырылады
ашық дереккөзі

2023 жылы елорда толықтай газдандырылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

– Енді газдандыру мәселесіне тоқталып өтейін. Газдандыру – бұл Елбасының тарихи жобасы әрі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. 2020 жылы 320 шақырым ішкі газ тарату желісін төседік. Биыл 317 шақырымға төсеп жатырмыз. Жұмыс қарқынды жүргізілуде. 7 тұрғын үй алабын газдандыру қарқын алған. Олар: Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Железнодорожный, Кирпичный, Өндіріс, Күйгенжар, Интернациональный, Оңтүстік-шығыс, Есілдің оң және сол жағалауы», – деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында.
Қала әкімінің айтуынша, бұл жұмыс бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Жұмыстардың қорытынды кезеңі 2023 жылға жоспарланған. «Бұл жайт экологияның жақсаруына айтарлықтай ықпалын тигізеді. 1 жылдың ішінде барлық тұрғын үй алабына газ тарта алмайтындығымызды түсінуіміз қажет. Дегенмен, газға қосу үшін әрбір тұрғын үймен қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Бұл да ауқымды жұмыс, басым бөлігі дәл осы тұрғын үй алабтарына тиесілі. Газ тартылғаннан кейін аббаттандыру, жолдарды жөндеу және салу қажет болатындығы да сөзсіз», – деді Алтай Көлгінов.