Жұма, 31 Наурыз, 2023

Талдықорғанда цех өртенді: 3 адам зардап шегіп, біреуі ауыр халде жатыр

25 тамыз сағат 03:25-те Алматы облысы ТЖ департаментіне Талдықорған қаласы Медеу көшесінде автокөлік шинасын қайта өңдеу цехы аумағында сыйымдылығы 5 текше метр (ашық шатыр астында орналасқан), шиналардың вакуумдық пиролизіне арналған резервуардың жарылғаны туралы хабарлама түсті.

«Одан әрі 80 шаршы метр ашық шатыр астында орналасқан ескі шиналар өртенді», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Талдықорғанда цех өртенді: 3 адам зардап шегіп, біреуі ауыр халде жатыр

Оқыс оқиға салдарынан цехтың 3 қызметкері зардап шекті. Олар 59, 52 және 43 жаста. Екі ер адамның жағдайы орташа, 43 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Үшеуі де Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

«Өрт сағат 04.27-де оқшауланып, сағат 04.49-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 24 қызметкер мен 9 техника, қалалық полиция басқармасынан 10 қызметкер мен 4 техника, жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника, су арнасынан 4 қызметкер мен 2 техника, электр желісінен 4 қызметкер мен 2 бірлік техника шықты», – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Талдықорғанда цех өртенді: 3 адам зардап шегіп, біреуі ауыр халде жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button