Алматы әкімдігі Tik Tok жұлдыздарына қолдау көрсетеді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиктокерлермен бірге танымал жастар бағытын қолдау мен оны дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

– Жетекші алматылық тиктокер және продюсерлермен танымал жастар бағытын қолдау мен оны дамыту мәселелерін талқыладық. Креативті индустрияны дамыту стратегиясы аясында дарынды жастардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайтын боламыз. Алматының төрттен бір бөлігі 18 жасқа дейінгі жастар екені белгілі. Жоғары оқу орындарында 168 мың студент, колледжде 68 мың студент білім алады.
Алматылық тиктокерлердің табысы – өз алдына бір бөлек әңгіме. Біздегі Хаустар 10 мың адамның ішінен бүкіл әлем бойынша 2-3 орын алады. Танымал Tik Tok Хаусер тиктокерлері мен продюсерлері тәжірибе алмасуға, дамуға, сондай-ақ жаңадан келгендердің шығармашылығын монетизациялауға көмектесуге дайын. Біз өз тарапымыздан жайлы жағдай жасауға немесе бейнебаян түсіруге ыңғайлы орын ұсыну бойынша қолдау көрсетеміз. Танымал Tik Tok жұлдыздарының қала өміріне атсалысып, Алматының туристік брендін қалыптастырып, дамытуға, барша әлемге сүйікті қаламыз туралы жар салып, қалалық қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге көмектесуге дайын екендігі қуантады, – дейді қала әкімі.

Back to top button