Жаңалықтар

Елімізде карантин режимі жеңілдетіледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешім мақұлдады.

1. Биылғы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.

2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантин шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және биылғы жөндеу жұмысын аяқтау.

ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Back to top button