Алматыда карантиндік іс-шаралар жеңілдетілмек

Алматыда карантиндік іс-шаралар жеңілдетілмек

Алматыда карантиндік іс-шаралар жеңілдетілмек
ашық дереккөзі
Мұндай шешім Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. «Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік іс-шаралардың жеңілдетілуін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда», - делінген отырыс қорытындысында жарияланған баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар ведомствоаралық комиссияның шешімімен сенбі күні қоғамдық көліктердің қатынауына рұқсат берілетін болды. Жаңа өзгерістерге сәйкес, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының жұмыс істеу уақыты да ұзартылып отыр.