Алматыда күзетші журналисті әкімдіктен көтеріп шығарып тастады

Алматыда күзетші журналисті әкімдіктен көтеріп шығарып тастады

Алматыда күзетші журналисті әкімдіктен көтеріп шығарып тастады
ашық дереккөзі
Алматының Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі «Хабар 24» телеарнасының журналисін көтеріп, әкімдік ғимаратынан шығарып жіберген. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Журналист Ақбөпе Тәңірберген оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады. «Сен – әкімдік пен халық арасындағы көпірсің» дедіңіздер. Мен желпілдеп, жетіп бардым. Әкімдік болса, сіздердің «көпірлеріңізді» далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік», – деп жазды Ақбөпе Тәңірберген Instagram-дағы парақшасында. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді. «Хабар 24» телеарнасының журналисі А.Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты Алатау ауданының әкімдігі келесіні хабарлайды. Қолданыстағы карантин шектеулеріне байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист А.Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз мәртебесін сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар», - деп атап өтті әкімдіктегілер. Әкімдіктегілердің сөзінше, БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертуіне жауап бермей, жанжалды шығарған. Алайда күзетші де жазалануы мүмкін. «Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша оларды жауапқа тарту мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктивті негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтеді. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын», - деп хабарлады Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігі.