Балық аулауға барған 11 жасар бала өзенге ағып кетті

Балық аулауға барған 11 жасар бала өзенге ағып кетті

Балық аулауға барған 11 жасар бала өзенге ағып кетті
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Tөтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Марат Мұратов оқыс оқиға туралы айтты. 11 жасар бала Есіл ауданы Николаевка елдімекенінің маңында Есіл өзенінде суға кеткен. Ол балық аулауға жалғыз барыпты. «Баланың денесін екі сағаттан кейін ауыл тұрғындары тауып, судан алып шықты. Жасөспірім суға батып кеткен жерде балық аулауға, шомылуға болмайды. Жалпы соңғы 8 жылдың ішінде өңірде 195 адамның ажалы судан келсе, соның 33-і бала. Көп жағдайда олар арнайы жарақтандырылмаған жерде, ересектердің бақылауынсыз суға түскен. Биыл жаз ыстық, тұрғындар әлі күнге дейін суға шомылып жатыр. Бірақ түнде ауа температурасы 13-15 градусқа дейін төмендейді. Судың үсті жылы болғанымен, астында суық. Ал бұл адамға қауіпті», - дейді Марат Мұратов. Биыл СҚО-да суға 21 адам батып кетсе, оның алтауы бала. Осыған орай облыстың су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖД мамандары тұрақты түрде рейдтер өткізіп келеді. «Полицейлер, құтқарушылар рейдтерді жиі өткізеді. Дегенмен қайғылы жағдайлар тіркеліп жатыр. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр 9 адам көз жұмды. Оның біреуі бала. Сондықтан тұрғындарды және облыс қонақтарын суда аса сақ болуға шақырамыз. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Рұқсат етілген жерде ғана шомылу керек. Биыл су айдындарына 4 мыңнан астам рейд өткіздік. Облыс бойынша 1400-ден астам жерге суға шомылуға тыйым салынады деген белгі орнатылды», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.