Жаңалықтар

Токиода VI Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Жапония астанасы Токио қаласында VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіімі басталды.

Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі. Қазақстан құрамасынан суға жүзуден – 7, дзюдодан – 7, пауэрлифтингтен – 5, таеквондодан -3, жеңіл атлетика, каноэде ескек есу мен оқ атудан – екі-екіден спортшылар қатысады.

Қазір Жапония ұлттық стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрінген Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстап шығады деп күтілуде.

Токио Паралимпиада ойындарында дүние жүзінің 136 мемлекетінен келген 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.

Айта кетсек, «Qazsport» телеарнасы XVI Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді,

Back to top button