Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет 

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет 

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазгидромет 
ашық дереккөзі
25 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 37 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің, оңтүстігінде және батысында өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысында 37 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз 36 градус ыстық болады. Өрт қаупі бар. Қызылорда облысында өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық сақталады. Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, ал күндіз облыстың батысында және шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Облыстың батысында найзағай күтіледі. Ал оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с. Күндіз 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі бар. Атырау облысының оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батыс, батыстан соғатын жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 36 градус ыстық. Өрт қаупі сақталады.