Жаңалықтар

«TÚRKISTAN» газетінің бас редакторы ҚазҰУ ректорымен кездесті

ашық дереккөзі

«TÚRKISTAN» газетінің бас редакторы ҚазҰУ ректорымен кездесті

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Túrkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбаймен кездесті. Кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Білім ордасының басшысы туған университетіне ат басын бұрған белгілі журналиске ризашылық танытып, ҚазҰУ қалашығындағы оқу ғимараттары мен жатақханалардың, ондағы техникалар мен жиһаздардың соңғы үлгіде жаңартылып жатқанын атап өтті. Ректор жүздесуде медиа мамандарын заманға сай даярлау мәселесіне назар аударды. Жас журналистерге бағыт-бағдар беріп, саланың қыр-сырын үйрету үшін тәжірибе бөлісуді ұсынды.