Түн ортасында Сырдарияда жүзбек болған жігіт жағаға жете алмай қалған

Түн ортасында Сырдарияда жүзбек болған жігіт жағаға жете алмай қалған

Түн ортасында Сырдарияда жүзбек болған жігіт жағаға жете алмай қалған
ашық дереккөзі
Қызылордада құтқарушылар Сырдария өзеніне суға түсіп, жағаға жете алмай қалған адамның өмірін сақтап қалды. Төтенше жағдайлар қызметіне 23 тамызда сағат 00.55-те шақырту түсті. Онда облыс орталығындағы сол жағалауға баратын көпірдің астында 1998 жылғы азаматтың суға түсіп, жағаға жете алмай қалғаны жөнінде айтылған. «Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 үрлемелі қайық және 1 техникамен барды. Оқиға орнына барғаннан кейін құтқарушылар Сырдария өзеніндегі көпірден шамамен 300 метр жерден жағалауға шыға алмай қалған адамды анықтады. Түнгі суықта тоңып қалған оны құтқарушылар зембілмен тасымалдап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.