Еліміздің боксшысы "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін

Еліміздің боксшысы "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін

Еліміздің боксшысы "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін
ашық дереккөзі
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) осы салмақтағы WBC, WBA Super және WBO белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алуы ықтимал, - деп жазды Vesti.kz. WBA ұйымы мексикалық боксшығы белбеуді міндетті түрде қорғауы керек екені туралы талап қойса, Айдосқа мүмкіндік туады. Бірақ оған дейін "Канело" қарашада әлемнің абсолют чемпионы атану үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізеді. Ал А.Ербосынұлы Саульге қарсы кездесуге шығу үшін Аллен Ленноксты (22-1-1, 14 КО) жеңуі қажет. Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кездесуде WBA белбеуінің міндетті қарсыласы атағы сарапқа салынады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы IBF белбеуінің чемпионына міндетті қарсылас атануға мүмкіндік беретін кездесуге шығуы керек еді. Оның қарсыласы Евгений Шведенко (15-0, 6 КО) болған. Ал жекпе-жек 17 сәуірде Германияда өтуі керек болған. Алайда кездесуге бір апта қалғанда қазақстандық боксшы коронавирус жұқтырып алды. Шведенко болса ресейлік боксшы Владимир Шишкинмен (12-0, 7 КО) кездесу өткізуге келісті. Бұл жекпе-жек тамызда өтеді. А.Ербосынұлы болса соңғы кездесуін былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.