Ауғанстанның экс-министрі Германияда курьер болып жұмыс істеп жүр

Ауғанстанның экс-министрі Германияда курьер болып жұмыс істеп жүр

Ауғанстанның экс-министрі Германияда курьер болып жұмыс істеп жүр
ашық дереккөзі

Ауғанстанның бұрынғы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Сайед Ахмад Шах Саадат қазіргі таңда Германияда курьер болып жұмыс істеп жүр, – деп жазды aikyn.kz.

Германияға алғаш келген жылы ол өзінің азын-аулақ ақшасына күн көріпті. Сосын қаржы-қаражаты таусылған соң, курьерлік компанияға жұмысқа орналасыпты. Экс-министр Лейпциг қаласында 2020 жылдан бері тұрады, – деп хабарлайды немістің Leipziger Volkszeitung басылымы.  Сайед Ахмад Шах Саадат 2018 жылға дейін Ауғанстан үкіметінің құрамында қызмет еткен. Оның министр ретіндегі басты міндеті Ауғанстандағы телекоммуникациялық желі аясын кеңейтіп, шалғай елді мекендерді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету болатын. Басылымға берген сұхбатында ол өзінің қазір өте қарапайым өмір сүріп жатқанын айтып, Германиядағы телекоммуникациялық компанияға жұмысқа тұрғысы келетінін жасырмапты.