Жаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсті

ашық дереккөзі

Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсті

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды, қазір Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатыр, - деп хабарлайды Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Ол 21 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасына шағым айтып хабарласқан. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-тест алған, Тест оң нәтиже көрсеткен соң дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровке рецепт жазып, емдеу бойынша ұсыныстар берген. "Науқастың айтуынша, бұл - алтыншы күн. Ол "Сумамед" препаратын өз бетінше қабылдаған. Ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеді. 23 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы госпиталінің жылжымалы бригадасының дәрігерлері үйде кеуде сегментінің томографиясын жасап, сынама нәтижесі бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты", - деп жазылған хабарламада. 24 тамызда таңертең дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровпен сөйлесіп, оны жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірген. Ол орташа ауыр дәрежедегі COVID-19 жұқтыру, екі жақты полисегменталь пневмония КT-1 диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Баспасөз қызметі мәліметінше, Әубәкіров вакцина салдырған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде алған.