Үкімет басшысы Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды
ашық дереккөзі
Премьер-министр Асқар Мамин жағдай тұрақталған өңірлерде Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жеңілдіктер қарастыруды тапсырды. "Жағдайы тұрақталған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, бұл сіздің бақылауыңызда", - деп тапсырды Мамин Үкімет отырысында. Үкімет басшысының айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастаған. "Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды, қазір - 0,93. Сонымен қатар, Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта. Инфекциялық төсектердің толуы 49 пайыз және реанимациялық төсектертер - 46 пайыз. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан аса адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет", - деді Асқар Мамин.