Жаңалықтар

Ecірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізді.

Петропавл қаласынан келген екі әйел Telegram мессенджері арқылы «жылдамдық» және «меф» деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың тасымалымен айналысқан.

«Әйелдердің бірі 8 және 6 жастағы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ол өңір аумағына маусым айында келген. Біраз уақыттан кейін оның апайы да қылмыстық іске араласыпты. Пәтерді тінту барысында 2 мыңнан астам бір реттік доза, 700 грамм синтетика есірткі тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн теңгеден асады», – деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Back to top button