Есірткі сатқан ауыл мұғалімі 10 жылға сотталды

Есірткі сатқан ауыл мұғалімі 10 жылға сотталды

Есірткі сатқан ауыл мұғалімі 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық соты есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін ұсталған ауыл мектебінің мұғаліміне үкім шығарды. Ұстау кезінде полиция одан үш килограмнан астам  марихуана тапқан.

Ер адамның есірткі сатумен айналысқаны туралы полиция қызметкерлері жедел ақпарат көздерінен білді, деп хабарлайды Polisia.kz. Бәйдібек ауданының тұрғыны ауыл мектептерінің бірінде сабақ берді.
"Тінту кезінде біз есірткіге ұқсас құрамы бар он пакетті таптық. Сондай-ақ, ас үйдің төбесінде өсімдік тектес есірткі заты бар сөмке тәркіленді. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді", - деді аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Асқар Шұбай.
Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша алынған өсімдік тектес зат кептірілген марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы үш килограмнан асты. Алғашқы жауап алу кезінде ер адам есірткіні одан әрі сату үшін үйінде сақтағанын мойындады.
"Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Жиналған материалдар айыптау актісімен аудандық сотқа жолданды", - деп нақтылады Шұбай.
Сот қылмыстық іс материалдарын қарап, 47 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны және сатқаны үшін кінәлі деп таныды және оны он жылға бас бостандығынан айырды.