Жаңалықтар

Асқар Мамин эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді

ашық дереккөзі

Асқар Мамин эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. "Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен, қазір 0,93 деңгейде", - деді Мамин Үкімет отырысында. Бұдан бөлек, Мамин ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлерде Ashyq жүйесіне қосылған бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.