Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды, деп облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.