Жаңалықтар

Танымал әнші Ауғанстаннан қалай қашқанын айтып берді

ашық дереккөзі

Танымал әнші Ауғанстаннан қалай қашқанын айтып берді

Ауғанстанды басып алған тәліптердің қоршауында бірнеше адам қалды. Солардың бірі – эстрада әншісі Ариана Саид пен жас спортшы, футбол әлемінің жұлдызы Заки Анвари. Болашағынан үміт күттіретін футболшы Кабул әуежайында америкалық С-17А әскери ұшағына жармасамын деп мерт болған. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды. – Менде бәрі жақсы. Тірімін. Ұмытылмас үш түнді өткізіп, Катардағы Дохаға да жеттім. Енді үйіме, Стамбулға ұшамын. Үйге барып, көрген адам сенгісіз барша қиындықтарды артқа тастап, өз-өзіме келемін. Көп нәрсені әлі де айтатын боламын, – деп жазды ол. 36 жастағы өнер иесі «Голос» байқауының жергілікті нұсқасында әділ қазылар алқасы қатарында болған.  Елдің қоғамдық-саяси оқиғаларына ашық көзқарасын білдіріп, мәлімдемелер жасаған. Кабулды басып алғаннан кейін әнші америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған.