Жаңалықтар

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды

ашық дереккөзі

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды

Қостанай облысында патрульдік полицейлер зейнеткерді суицидтен құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. "20 тамызда таңғы сағат 4 шамасында Әулиекөл ауданының полиция бөліміне зейнеткердің өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы хабарлама келіп түсті. 80 жастағы зейнеткер жанжал кезінде жұбайының пышақ алып, өзін-өзі өлтіруге тырысқанын айтты",- деп хабарлады полиция департаменті. Әулиекөл тұрғыны Георгий Шоймарь полицейлерге уақытлы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді. "Полицияның жедел әрекетінің арқасында менің жұбайым тірі қалды. Олар шапшаң қимылдады. Рахмет!"- деп атап өтті Георгий Васильевич.