Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды
ашық дереккөзі

Қостанай облысында патрульдік полицейлер зейнеткерді суицидтен құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"20 тамызда таңғы сағат 4 шамасында Әулиекөл ауданының полиция бөліміне зейнеткердің өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы хабарлама келіп түсті. 80 жастағы зейнеткер жанжал кезінде жұбайының пышақ алып, өзін-өзі өлтіруге тырысқанын айтты",- деп хабарлады полиция департаменті.
Әулиекөл тұрғыны Георгий Шоймарь полицейлерге уақытлы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді.
"Полицияның жедел әрекетінің арқасында менің жұбайым тірі қалды. Олар шапшаң қимылдады. Рахмет!"- деп атап өтті Георгий Васильевич.