Теміртау ауруханасында қайтыс болған ер адамның алтын әшекейлері ұрланған

Теміртау ауруханасында қайтыс болған ер адамның алтын әшекейлері ұрланған

Теміртау ауруханасында қайтыс болған ер адамның алтын әшекейлері ұрланған
ашық дереккөзі

Теміртауда коронавируспен ауырғандарға арналған госпитальде қайтыс болған ер адамның туыстары  марқұмның алтын және күміс бұйымдары жоғалғанын айтып шағымданды, полицейлер қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Liter.kz.

21 тамыз күні таңертең марқұмның әйелі дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп полицияға арыз жазған. Қылмыстық іс Теміртау қалалық полиция басқармасы Старород полиция бөлімінде қаралып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Бөтен мүлікті ұрлау" бойынша қылмыстық іс тіркелді.