Атырауда 5 жасар баласының көзінше әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды

Атырауда әйелінің кеудесіне пышақ сұққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 тамызда сағат 18:50-де кеуде тұсынан жарақат алған 1991 жылы туған науқас жеткізілді. Рентгенографиядан кейін «оң жақтағы шеткі пневмоторакс» диагнозы қойылды. Таңертең қайтадан рентгенография жасалады. Жағдайы тұрақты, хирургия бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция департаменті хабарлағандай, дене жарақатын салған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚК 115-бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Ұсталған адам бұрын бірнеше рет (оның ішінде бұрын әйеліне қауіп төндіргені үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Back to top button