Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысын сырттай қамауға алуға санкция берілді

Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысын сырттай қамауға алуға санкция берілді

Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысын сырттай қамауға алуға санкция берілді
ашық дереккөзі

Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды қамауға алуға сырттай ордер берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Талғат Арданның қай мемлекетте жүргені анықталды. Сот оны сырттай қамауға алуға санкция берді. Аталған елдің құқық қорғау органдары оның қайда екенін анықтап, ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Талғат Ардан ұсталған жағдайда оны дереу экстрадициялау үшін материалдар жіберіледі», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері.
Айта кетейік, 28 мамырда Astana LRT ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.