Алматы облысында жоғалған жасөспірім қыз белгісіз ер адамның қасынан табылды

Алматы облысында жоғалған жасөспірім қыз белгісіз ер адамның қасынан табылды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 жастағы жасөспірімді криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіріп, 22 тамызда тапқан.

«Қыздың айтуынша, ол досымен бірге болған, зорлық-зомбылық пен оның еркінен тыс ұстау фактісін жоққа шығарады. Қыз ата-анасына тапсырылды», – деп жазылған ПД хабарламасында.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қыздың танысы – 26 жастағы азамат анықталды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button