ЕҰУ ғалымдары 4 мың жылдық тарихы бар ескерткіштерді тапты

Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасының ғалымдары 4 мың жыл бұрын тұрғызылған пирамида тәріздес тас ескерткіштерді тапты. Қазба жұмыстары 2014 жылы ШҚО Абай ауданы Тоқтамыс ауылының маңында басталған, деп хабарлайды turkystan.kz Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кафедра меңгерушісі Ұлан Үмітқалиевтің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысынан табылған тарихи жәдігер ерте қола дәуіріне жатады. Тас ескерткіштерде жылқы және жабайы аңдар бейнеленген.

Сонымен қатар, ескерткіштер маңынан адамдар мен жануарлардың сүйектері табылған. Отандық ғалымдар оларды жапондық әріптестерімен бірге зерттеп, 3 856 жылдық тарихы бар екенін анықтаған.

whatsapp image 2021 08 23 at 09.56.09

Ескерткіштің құрылысына 10 мың тонна тас пайдаланылыпты. Ескерткіштің жанынан тағы бір алтыбұрышты сәулет нысанының орны табылды. Қазіргі кезде ол зерттеліп жатыр.

Back to top button