Жаңалықтар

Мемлекет басшысы халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады

Мемлекет басшысы халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады. Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды akorda.kz. – Қазақтың маңдайына біткен ең дарынды тұлғаларымыздың бірісіз. Бәріміз сізді мақтан тұтамыз. Қазақстанда да, шет мемлекеттерде де өзіңізді білмейтін адам жоқ. Әлемдік деңгейде сіздің өнеріңізді бәрі жоғары бағалайды. Педагог ретінде де, қоғамдық жұмыстарда да белсендісіз. Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегіңіз орасан. Осы қызметіңізді ескере отырып, Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегіңіз үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылданды. Мен оны лайықты шешім деп есептеймін, – деді Президент.