Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылды

Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылды

Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылды
ашық дереккөзі
Атырауда Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылды. Облыстық экология департаменті Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының 29, 34-тармақтарын орындау мақсатында Жайық өзенін браконьерлік аудан тазартуды бастады. «Жол картасының 29-тармағында көрсетілгендей, Жайық өзенінің жағасында жұмыс істеп тұрған химиялық қоймалар мен басқа да ластағыштарды анықтау, түгендеу, іздестіру, жою жұмысын ұйымдастыру мақсат етілді. Сондай-ақ, 34-тармаққа сәйкес, Жайық өзенінің арнасын, оның салалары мен ағымдарын браконьерлік балық аулау құралдарынан​ тазарту жұмысын жүргізу. Іс-шара кезінде Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 аулау құралы шығарылды. Ауға шырматылған тірі балықтар өзенге кері жіберілді. Ал, өлген балықтар иесіз ау құралдарымен бірге жинап алынды» - деп хабарлады департамент өкілдері.  width=