Жарлық: Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», – делінген құжатта.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді.

Back to top button