Сұлтан Оразалин дүниеден өтті

Сұлтан Оразалин дүниеден өтті

Сұлтан Оразалин дүниеден өтті
ашық дереккөзі

Телевизия ардагері, жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстазы Кенже Жұмағұлов жеткізді.
Алыптардың тұяғы, еліне өлшеусіз қызмет атқарған Сұлтан ағамыз да өмірден өтіпті. Қашан да әділдікті ту етіп ұстаған, қазақтың барына қуанып, жоғына жоқтаушы болып жүретін еді. Ел тарихына өз еңбектерімен өлшеусіз із қалдырған, халқын жанындай, жақсы көретін абыз жан еді Сұлтан аға!!! Бабалары ансаған тәуелсіздік алған қазақ елінің тілі мен діліне, мәдениеті мен әдебиетіне қорғаушы болып, мемлекеттік денгейде не бір үлкен қызметтер атқарған мемлекетшіл, Абай атам армандаған "Толық адам" болатын жан дүниесімен… Мәнгілік тұратын жеріне аттанған Сұлтан аға, иман-саламат болып, қазаның қалғандарға тек қайырын берсін дейміз!!! - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.