TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісі полицейлердің назарын аударды

TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісі полицейлердің назарын аударды

TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісі полицейлердің назарын аударды
ашық дереккөзі

Қарағанды полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жиі видео түсіретін блогер, №43 автобусының жүргізушісінің видеоларын тексермек. Оған тұрғындар тарапынан көлік жүргізушісіне шағымы себеп болған. 

Қарғандылықтардың айтуынша, Арынов жолаушылар тасымалы ережелерін жиі бұзатынын және ата-ананың рұқсатынсыз балалардың суретін Instagram және Tik-Tok-тағы парақшасына жүктейтін көрінеді. Сондай-ақ, оның көлік жүргізіп бара жатып видео түсіретіні және қауіпсіздік белдігін тақпауы полицейлердің назарын аударды. Қазір тексеріс жүріп жатыр. [video width="480" height="656" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/08/whatsapp-video-2021-08-22-at-22.07.02.mp4"][/video]   Автобус жүргізушісінің алатын жалақысы 200 мыңнан асады. Жұмысыма жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қараймын деген ол қосымша Instagram арқылы айына 40-50 мың теңге табады екен.