Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 
"Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады.
Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады" делінген хабарламада.