Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы "танк" қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы "танк" қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді. Sports.kz мәліметінше, жеңіліп көрмеген аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий WBA International чемпионы белбеуін қорғау үшін «танк» деген лақап аты бар америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жұдырықтасты. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда, америкалық соңына дейін шыдай алмады. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіби мансаб жолында 16-шы рет жеңіске жетті және екінші деңгейлі WBA атағын сәтті қорғап қалды. Ал Джоуи Давейко кәсіби рингте осымен 9-шы рет жеңілістің ащы дәмін татты.