Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды
22 тамыз, 2021 /
Гафура Асқарқызы
Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды
Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды. Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді.
«Көлік апаты 21 тамызда сағат 14:50 шамасында болған. Троллейбус жүргізушісі рульге ие бола алмай, жерасты өткелінің қабырғасына барып соғылған. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деді компания.
Әлеуметтік желі қолданушысы көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдар бар екені туралы жазды.