Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды. Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді.

«Көлік апаты 21 тамызда сағат 14:50 шамасында болған. Троллейбус жүргізушісі рульге ие бола алмай, жерасты өткелінің қабырғасына барып соғылған. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деді компания.

Әлеуметтік желі қолданушысы көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдар бар екені туралы жазды.

 

Back to top button