Павлодарда 14 жасар бала телефонын тартып алғаны үшін әкесін пышақтады

Павлодарда 14 жасар бала телефонын тартып алғаны үшін әкесін пышақтады

Павлодарда 14 жасар бала телефонын тартып алғаны үшін әкесін пышақтады
ашық дереккөзі
Ер адам ауруханаға жеткізілді, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» қылмыстық бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды. «Пәтер ішінде әкесі мен кәмелеттік жасқа толмаған 2007 жылғы бала арасында жанжал шықты. Әкесі баласына үнемі телефонмен ойын ойнайтынын, ешбір іспен айналыспайтынын айтып, үйдегі жөндеу жұмыстарына көмектеспейтіні үшін ескерту жасаған. Ер адам баласынан телефонды тартып алып, үйдің ауласына шығып кеткен. Әкесіне ызаланған жасөспірім ас ішетін бөлмеден пышақ алып, оны әкесінің арқасына сұққан», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Ж.Қайыровтың айтуынша, пышақ жарақатын алған ер адам Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлімімен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сот алдындағы тергеу амалдары өткізілуде.