Алексей Цой вакцинадан кейін қанша адам қайтыс болғаны туралы айтты

Алексей Цой вакцинадан кейін қанша адам қайтыс болғаны туралы айтты

Алексей Цой вакцинадан кейін қанша адам қайтыс болғаны туралы айтты
ашық дереккөзі

Елімізде вакцина алғаннан кейін 115 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз биыл ақпан мен шілде аралығындағы кезеңді талдап шықтық. Барлығы коронавирустан 4 969 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 115 адам вакцина алған. Барлық өлім-жітімнің 2,3 проценті деген сөз, басым бөлігі – 97,7 проценті вакцина алмаған адамдар", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің вакцинадан кейін қайтыс болғандардың созылмалы аурулары болғанын айтты. Атап айтқанда, қант диабеті, семіздік, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жолдарының аурулары бар.
"Созылмалы аурулары бар адамдарға "медотвод" тек аурудың ушығып кеткен кезеңінде ғана беріледі. Ондай адамдарға вакцина алу қажет. Себебі вирустан қайтыс болу қаупі жоғары. Созылмалы ауруы бар адамдарда вакцинадан кейін антиденелер бөлінбеуі де мүмкін. Коронавирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі вакцина алмағанын тағы қайталаймын", - деді министр.
Министр екпеден кейін індеттен қайтыс болғандардың аймақ бойынша көрсеткішін де жариялады.
  • Ақмола облысы – 2;
  • Ақтөбе облысы – 5;
  • Алматы облысы – 3;
  • Алматы қаласы – 17;
  • Атырау облысы – 1;
  • ШҚО – 1;
  • Жамбыл облысы – 6;
  • БҚО – 4;
  • Қарағанды облысы – 9;
  • Қостанай облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 32;
  • Павлодар облысы – 2;
  • СҚО – 1;
  • Түркістан облысы – 0;
  • Шымкент қаласы – 27.