«Өзімнің абыройымды көтеру үшін істедім»: Нұрбек Қанай кінәсін толық мойындады (видео)

Тұрсынбек Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған Нұрбек Қанай Әдемі Аманғали мен тағы 3 түлектің орнына басқа адамды кіргізгенін мойындады. Сондағы мұғалімнің бар мақсаты – жоғарғы балл әперіп, миллиондаған оқырманы бар Тұрсынбек Қабатовтың инстаграмында жарқ етіп көріну екен, деп хабарлайды 31 арна.

Әдемі жоғары балл алса, ертең мен өзімнің авторитетімді көтеру үшін істедім. Просто процесс былай ғой: Әдемінің фотосына Сымбаттың фотосын қоямын, просто ауыстыра саламын. Қалған ештеңені өзгертпеймін», – дейді ол.

Оригиналдарымен кірді. Әдемі – Әдемі болып, Сымбат – Сымбат болып кірді. Тексерушілер көреді. Кіргеннен кейін логин, пароль береді ғой. Логин, пароль бергеннен кейін ауысып кетеді бір-бірімен. Сөйтіп ауысып кеткеннен кейін отырып, тапсырып жатқан кезде Сымбаттың орнына Әдемі отырып қойды ғой. Егер тексерушілер келіп жатса, тексеріп жататын болса клавиатураның астында удостоверение бар. Просто соны шығарып қойыңдар да, Әдемі Сымбат болып отыра бер деген мәселе ғой!, – деді Нұрбек Қанай.

Back to top button