Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың орнына жаңа тексеру жүйесі енгізіледі – Аймағамбетов

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың орнына жаңа тексеру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы тамыз конференциясында министр Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазір еліміздегі барлық мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейді. Сондықтан орта білім беруді сырттай бағалау моделі жетілдірілді. Енді ОЖСБ – оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың орнына білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (МОДБ) енгізілетін болады. Бұған дейін оқу жетістіктерін сырттай бағалау функционалдық сауаттылықты емес, пәндік білімді өлшеу арқылы жүргізілген болатын.

Back to top button