Ауғанстанда 13 қазақ отбасы тұрады - Сыртқы істер министрлігі

Ауғанстанда 13 қазақ отбасы тұрады - Сыртқы істер министрлігі

Ауғанстанда 13 қазақ отбасы тұрады - Сыртқы істер министрлігі
ашық дереккөзі

Ауғанстанда шамамен 13 қазақ отбасы тұрады, - деп хабарлады Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

"Мемлекет басшысы СІМ-ге Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Жұмысты біздің елшілік жүргізеді. Біздегі мәлімет бойынша Ауғанстанда шамамен 13 отбасы тұратынын атап өткім келеді. Олар елдің әр аймағында орналасқан. Негізінен елдің солтүстік провинцияларында тұрады. Елшілік олармен үнемі байланыста. Бұл топтың белсенді өкілі бар, ол елшілікпен байланыста. Қазір ақпарат барынша жиналып жатыр", - деді Рахметуллин ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ол сондай-ақ этникалық қазақтарды Ауғанстаннан елге әкелу туралы да айтып өтті.
"Эвакуациялауға келер болсақ, олар елдің барлық аймақтарында шашырап орналсақандықтан, бір жерге жиналғанын күтеміз. Бәрі бірдей кеткісі келе ме соны да білу керек. Себебі, тұрғындардың бәрі дерлік кеткісі келмейді деген де деректер бар. Олар қазір, басқалар сияқты барлығы тынышталсын, соңы не болар екен деп күтіп отыр ғой. Яғни, бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында", - деп түйіндеді ол.