Сон мен Чиншанло да сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсамақ

Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсамақ. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Қола жүлдегерлерге 75 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Бізге ерекше көңіл бөлінді! Баршаңызға, атап айтқанда, біздің федерацияға, жеке Жанат Рашидовичке, ҰОК-ға, мемлекетімізге қолдау көрсеткені және құттықтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Жарыс алаңына шыққан кезде, барынша жақсы көрсеткішке жету туралы ғана ойлайсың. Марапат ойымызда да болмайды. Бізді соншалықты құрметтейтініне екі есе қуаныштымын!

Олимпиада құрамасындағы ағаларымыз өздерінің жүлделерін қайырымдылыққа беріп, жақсы үлгі көрсетті. Бізді, олимпиада жүлдегерлерін мемлекет, федерация, облыс жақсы қолдайды. Бірақ біз ерекше мұқтаж адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек, – деді Чиншанло.

Сондай-ақ Игорь Сон да сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.

«Мен өзім Үштөбе шағын қаласынанмын, өңірлерден келген ұл-қыздар менің жолымды қуса деймін», – деді Сон.

Сонымен қатар, Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон федерациядан жаңа Toyota Camry көлігін сыйға алды.

Back to top button